TABYS ДЕГЕН НЕ?
ӘРКІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ИНВЕСТИЦИЯ

TABYS мыңдаған доллар салуды талап етпейді. Сіз $ 6 бастап инвестиция салып, оны тұрақты түрде жалғастыра аласыз.

Дәл қазір инвестициялау​
TABYS-ТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
  • Түсінікті интерфейс жеңіл әрі оңай жолмен инвестициялауға мүмкіндік береді.
  • Бастапқы жарнасыз.
  • Делдалсыз.
  • Инвестиция сомасы $6 басталады.
  • IOS және Android-та жүктеу мүмкіндігі.
  • Кез келген орында және кез келген уақыттағы сауда.
IPO деген не?:

IPO (Initial Public Offering) – компания акцияларының алғашқы жария орналастыруы. Компания – эмитент өзінің акцияларын алғаш рет нарыққа шығарады және оларды көптеген инвесторлар сатып алады.

IPO компанияға әртүрлі инвесторлардан өздері үшін жеткілікті тиімді шарттарда айтарлықтай қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді. Инвесторлар компания бизнесінің шағын «үлесін» алады және іс жүзінде осы компанияның ортақ иелеріне айналады.

Tabys қосымшасында тікелей жазылым құралы жүзеге асырылды, сол арқылы бөлшек инвесторлар құнды қағаздарды сатып ала алады.

Тікелей жазылым – бұл акцияларды  бастапқы орналастыру кезінде оларды эмитенттен/акционерден делдалдарсыз тікелей сатып алу туралы шарт жасасу. Тікелей жазылымды брокер немесе андеррайтерлер арқылы бөлшек сауда инвесторлары мен институционалдық инвесторлардан өтінім жиналатын әдеттегі тәсілмен қатар жүргізуге болады.

 

Тікелей жазылым құралы Tabys мобильді қолданбасы арқылы және/немесе Қазақстанның бүкіл өңірлеріндегі «Қазпошта» бөлімшелері арқылы барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді болады.

 

Акцияларға тікелей жазылымды Tabys арқылы рәсімдеу үшін, инвестордың жеке куәлігі, банк картасы мен Интернетке кіруге болатын смартфоны болуы керек. Қызмет тәулік бойы режимінде онлайн қолжетімді  болады.

 

Алдағы ІРО-лар шеңберіндегі  тікелей жазылым  үшін АІХ платформасы ІРО параметрлері ресми түрде  жарияланғаннан  кейін Tabys  қолданбасында және Қазпоштаның 721 бөлімшесінде қолжетімді болады.

ҚОСЫМШАНЫҢ БАСТЫ ӨНІМІ – БИРЖАЛЫҚ НОТАЛАР
Бұл 6-нан 35$-ға дейінгі қолжетімді инвестициялық құрал
БИРЖАЛЫҚ НОТАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ?
ҚАЙДА ИНВЕСТИЦИЯЛАУҒА БОЛАДЫ?
TABYS инвестициялауға он бес биржалық ноталарын ұсынады.
Таңдау өзіңізде!
ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?
TABYS – қалтаңыздағы $6 ақшамен ғана инвестициялауға
мүмкіндік беретін мобильді қосымша.
Косымшаны жүктеңіз.

Қосымша App Store мен Play Market
арқылы қолжетімді.

01
02
Тіркеліңіз

Жеке деректерді толтырып, жеке куәліктегі деректерді қосыңыз, банк картасын бекітіп, смартфонның экранында қол қойыңыз.

Инвестициялауды бастаңыз

Қайда және қанша сомада инвестициялайтыныңызды
таңдап алыңыз.

03
АҚША ҚАЛАЙША ТАБЫС ӘКЕЛЕДІ?
Биржалық ноталар бойынша табыстылық екі тәсілге негізделген
БАҒАНЫҢ ӨСІМІНЕН ТҮСЕТІН ТАБЫС

Биржалық ноталардың бағасы инвестордың капиталын арттыра отырып, өсуі мүмкін.

Биржалық ноталарды таңдаудағы негізгі пункт – базалық актив. Мәселен, алтынға салым салатын биржалық ноталар бар. Тиісінше егер алтынның бағасы өссе, биржалық нотаның да құны өседі.

ПАЙЫЗДЫҚ ТАБЫС

Кейбір биржалық ноталар тұрақты түрде пайызын төлеп отырады. Ол пайыздың мөлшері базалық актив бойынша табысқа байланысты болады.

МЕН ӨЗ АҚШАМДЫ ҚАЛАЙ АЛА АЛАМЫН?

Сіз өзіңізге ең ыңғайлы уақытта биржалық ноталарды қосымша арқылы сата аласыз. Олар сатылғаннан кейін, ақша сіздің банктік картаңызға дәл сол күні түседі.

ДАЙЫНДАЛ,
НАЗАР АУДАР,
БАСТА!
Қосымшаны жүктеу​
FAQ НЕМЕСЕ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
01 Қосымшаны жүктемес бұрын

Егер сіздің жасыңыз 16-дан асса және ҚР азаматтығымен қатар банктік картаңыз болса, онда сіз инвестор бола аласыз.

TABYS  көмегімен биржалық ноталарды сатып алу үшін арнайы қаржылық біліміңіздің болуы міндетті емес. Қосымшаның түсінікті интерфейсі мен қаржылық құралдардың қарапайым құрылымы сізге инвестициялауды оңай бастауға мүмкіндік береді.

TABYS қосымшасы арқылы сіз бір биржалық нотамен және минималды сомамен инвестиция салуды бастай аласыз. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында мұндай өнім әлі жоқ. Бағалы қағаздар нарығына кіру үшін Қазақстанда инвестиция салудың минималды шегі жоқ, алайда мәміле жасауға комиссия бар. Бағалы қағаздардың жаһандық нарығына шығу үшін минималды әрі ойға қонымды шек $ 10 000 құрайды.

2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қосымша тегін. Осы мерзімнен кейін әрбір сатып алу немесе сату үшін жасалған келісім сомасының 0,5%-ы мөлшерінде, кемінде 100 теңгеден комиссия алынады. Сіздің банкіңіз аударым үшін өз комиссияларын алуы мүмкін.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 100 долларлық биржалық ноталарды сату немесе сатып алу кезінде сіз 50 цент (немесе шамамен 210 теңге) мөлшерінде, оған қоса сіздің банкіңіздің комиссиясын төлейсіз.

TABYS қосымшасының басты мақсаты – коммерциялық табыс емес, Қазақстан азаматтарына қаржы нарығында инвестиция салуға мүмкіндік беру. 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін алынатын комиссиялар бізге пайда әкелуге емес, тікелей шығынымызды жабуға бағытталған.

Қосымшада ешқандай жарнама жоқ және болмайды да.

TABYS мобилді қосымшасын «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қор биржасы Astana International Exchange Ltd (AIX)  әзірлеген.

Тіркеуден өтіп, банк картасын бекіту керек.
Сол уақыттан бастап сіз өз жинағыңызды инвестициялай аласыз
Өнім әркімге де түсінікті қарапайым құрылымға ие.
  • Сізге тек қайда инвестиция салатыныңызды таңдап алу керек – мәселен, мұнайға немесе дамушы нарықтардың компанияларының облигацияларына.
  • Осыдан кейін бірнеше қарапайым қадаммен биржалық нотаны сатып аласыз.
  • Ақша сіздің банктік картаңыздан алынып, биржалық ноталар шотыңызға енгізіледі.
  • Сіз қосымшадағы «Менің портфелім» бөлімінде өз инвестицияңыздың құнын бақылай аласыз.

Биржалық ноталар АҚШ долларында сатылады және сатылып алынады. Алайда сіздің банк картаңыз басқа валютада (мәселен, теңгеде) болуы мүмкін екенін ескере отырып, биржалық нотаны сатып алған кезде ақша сіздің банк картаңыздан банктегі бағам бойынша теңгемен алынады. Биржалық нотаны сату кезінде (сондай-ақ пайызды төлеу кезінде) сіздің банк картаңызға ақша банктегі бағам бойынша теңгемен түседі. Сіздің банк қосымша комиссиялар алуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Сіз бір биржалық нота сатып алып, минималды сомадан бастай аласыз. Бір биржалық нотаның құны $ 10-дан 35 дейін. Қанша және қашан салым салатыныңызды өзіңіз шешесіз. Биржалық нотаға соңғы немесе қарызға алған ақшаңызды салудың қажеті жоқ. Біз инвестициялар әлемін зерттеуге кеңес береміз. Ол үлкен қаржылық мүмкіндіктердің есігін ашады, алайда қауіпті де.

Сіз тек қазақстандық банктер шығарған карталарды ғана пайдалана аласыз.

Мұндай жағдайда сіздің биржалық ноталарды сатып алу туралы өтініміңіз қабылданбайды.

02 Пайдаланушылардың қауіпсіздігі

Биржалық нотаны сатып ала отырып, сіз инвесторға айналасыз, сіздің құқықтарыңыз «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалады.

Маңызды! Сіздің биржалық ноталарыңыздың құны өзгеруі мүмкін, бағаның өсетініне кепілдік берілмейді.

Сіздің жеке деректеріңіз Қазақстан Республикасы мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалады. Заңнамаға сәйкес немесе операция жүргізу үшін қажет болатын жағдайларды (мәселен, біз сіздің картаңызға ақша немесе шотыңызға биржалық ноталарды енгізгенде) есептемегенде, біз сіздің жеке деректеріңізді ешкімге бермейміз.

Біз сіздің банк картаңыздың деректерін сақтамаймыз – бұл деректер Visa және MasterCard авторизациялаған процессинг орталығында сақталады. Сіз өзіңіздің банк картаңыздың деректерін енгізген кезде, біз оларды көрмейміз, себебі ақпарат автоматты түрде процессинг орталығына жолданады.

Сатып алуға өтініміңіз орындалған кезде ғана сіздің картаңыздан ақша алынады (біз емес, процессингті орталық алады).

AIFC AML Rules (АХҚО-ның Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және санкцияларға қарсы іс-қимыл туралы қағидаларына) сәйкес, AIX Registrar (АХҚО биржасының тіркеушісі) клиенттен жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге міндетті. Көрсетілген талаптарға байланысты, Табыс қосымшасында операциялар жасаған кезде дәл Сіз тіркелетініңізге және өзіңіздің жеке банк картаңызды пайдаланғаныңызға көз жеткізу үшін біз жеке куәлік пен банк картасының фотосуретін сұратамыз. Сондай-ақ, банк картасының фотосуретін ұсыну Табыс операцияларын жасау үшін үшінші тұлғалардың Сіздің банк картаңызды пайдалана алмауына кепілдік береді.

Мобильді құрылғыларды жеке өмірде де, сол сияқты кәсіби тұрғыдан да пайдалану біздің өнімдірек болуымызға мүмкіндік береді.

Мессенджер, банкинг, бизнес-қосымшалар, әлеуметтік желілер — бұл қосымшаларды қазіргі заманның өмір ырғағында күнделікті дерлік пайдаланамыз. Біз құрылғыларыңыз бен дербес деректеріңізді қорғау бойынша бірнеше ұсыныстар берігіміз келеді.

 

Орнатылған қоымшаларды жаңартамыз

Қаскөйлер қосымшалардағы әлсіз тұстарды үнемі іздестіріп, тауып алады да, сосын осы осалдықтарды пайдаланады. iOS пен Android-қа арналған жаңа нұсқалар үнемі шығып тұрады. Бұл жаңартуларда жаңа осалдықтар түзетілген болады. Оларды орната отырып, сіз телефонға вирус кіруі немесе сіздің деректеріңіздің ұрлануы мүмкіндіктерін азайтасыз. Үнемі жаңартуларды тексеріп және орнатып отырыңыз. Құрылғылардың көбінде автоматты жаңартуды орнату мүмкіндігі бар.

Сенімді құпиясөз орнатамыз

Интернетте өзімізді қорғау үшін қолдана алатын маңызды қадамның бірі – ол сіздің әрбір есептік жазбаңыз үшін бірегей сенімді құпиясөз пайдалану. Құпиясөзіңізді немесе оларды жасау стратегияңызды кімге де болмасын ешқашан айтпаңыз. Құпиясөз – бұл құпия ақпарат және екінші бір адамға белгілі болса, ол сенімді болудан қалады.

Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланамыз

Кейде біз белгісіз сілтемелерді байқамай басып қаламыз немесе біздің жүйемізге вирус жұқтыруы мүмкін бағдарламаларды орнатамыз. Вирусқа қарсы бағдарлама осындай қателіктерден қорғауға арналған. Вирусқа қарсы бағдарлама зиян келтіруші бағдарламалардың барлығын тоқтата алмағанымен, шабуылдардың анағұрлым кең тараған түрлерін айқындауға және оларды болдырмауға көмектеседі. Соңғы жаңартуларды әрдайым орнатып, вирусқа қарсы өзекті бағдарламалық жасақтаманы қосып отырыңыз. Сонда құрылғыңызға вирус жұқтыру киберқылмыскер үшін әлдеқайда күрделірек болады.

03 Биржалық ноталар туралы

Қосымша арқылы сатып алуға болатын биржалық нота толығымен батыстағы ETF-ке (биржалық инвестициялық қор – Exchange Traded Fund) ұқсас. Сіз батыстың ETF-ін өзіңіз сатып ала аласыз, бірақ ол үшін сізде айтарлықтай сома болуы тиіс, брокер арқылы шот ашып, оған ақша аударып, ETF акцияларын сатып алу туралы бұйрық беруіңіз керек. Мұндай жағдайда сізде елеулі шығын (ақша аударымы, брокердің комиссиясы) мен оған қоса бастапқы жұмсалым көп болады; сонымен бірге, сіз алатын барлық табысқа Қазақстанда салық салынады.

Биржалық ноталардың құрылымы (Exchange Traded Notes) іс жүзінде ETF құрылымын толығымен қайталайды. Биржалық ноталар сіздің инвестор ретіндегі табысыңызды жергілікті салықтар есебінен азайтпау үшін құрылған.

Осылайша, қазақстандықтарда дағдылы әдіспен инвестициялаудың жаңа баламасы пайда болды, себебі TABYS қосымшасы – сіздің капиталыңызды сақтап, еселеудің жаңа деңгейі.

Биржалық ноталарды сатып алу арқылы сіз қаржы нарығында жеңіл әрі оңай жолмен инвестициялау мүмкіндігіне ие боласыз.

Сатып алуды аяқтағаннан кейін сіз өз шотыңызға биржалық ноталардың енгізілгендігі туралы хабарлама аласыз. Сізге сонымен бірге өз шотыңыздың үзінді көшірмесін алуға мүмкіндігіңіз бар (қосымшадан емес, сіздің шотыңыз ашылған тіркеушіге – AIX Registrar-ға өтініш жасауыңыз керек, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел, 55/19).

Тіркеу процесі кезінде қосымшада AIX Registrar бағалы қағаздар тіркеушісіндегі сіздің жеке шотыңыз ашылады. Аталмыш тіркеуші – AIX-тің еншілес компаниясы. Оның негізгі функциясы – шоттарды және бағалы қағаздардың тізілімін жүргізу.

Сіз сатып алған биржалық ноталар аталған тіркеушіде сіздің шотыңызда сақталады. Сіз өзіңіздің биржалық ноталарыңызды сата аласыз, сонымен бірге кез келген уақыта шотты жаба аласыз.

Иә, сіз сатып алған биржалық ноталар сіздің мүлкіңіз болып табылады, оларға қалауыңызға қарай билік ете аласыз. Алайда қосымша шеңберінен тыс операцияларды жүргізу үшін тіркеушіге (AIX Registrar, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел, 55/19) жүгініп, оған тиісті құжаттарды беру керек. Сонымен қатар сіз кез келген уақытта өзіңіздің биржалық ноталарыңызды сатып, олардың ақшасын  дәл сол күні банк картаңызға ала аласыз.

Иә, сіздің биржалық ноталарыңыз – сіздің мүлкіңіз.

Иә, сіздің биржалық ноталарыңыз – сіздің мүлкіңіз. Сондықтан заңнаманың нормаларына сәйкес оны мемлекеттік органдар бұғаттай алады.

04 Табыстылық

Жоқ, биржалық ноталар бойынша табысқа кепілдік берілмейді.

Сіздің биржалық ноталарыңыздың құны базалық активтің бағасының өзгеруіне сәйкес өзгереді. Мәселен, алтынның бағасы өссе, алтынның бағасын бақылайтын биржалық ноталардың да бағасы өседі. Кері жағдайда – егер, мысалы, мұнайдың бағасы құлдыраса, онда мұнай бағасын бақылайтын биржалық ноталардың да құны төмендейді.

АХҚО юрисдикциясында биржалық ноталардан алынатын кез келген табысқа Қазақстанда салық салынбайды.

Егер сіз пайыздар есептелетін биржалық ноталар сатып алсаңыз, олар пайыз төленген күні сіздің картаңызға енгізіледі.

Осы биржалық ноталар бойынша купондар тоқсан сайын төленеді: АҚШ технологиялық компанияларының акциялары (IXN), Жоғары дивидендтер төлейтін АҚШ компанияларының акциялары (IXD); осы ноталар бойынша – ай сайын: Табыстылығы жоғары АҚШ компанияларының облигациялары (IXY), АҚШ қазынашылығының қысқа мерзімді облигациялары (IXT). Бірақ 2021 жылғы 30 қыркүйектен бастап қосымша проспектіге сәйкес АҚШ қазынашылығының қысқа мерзімді облигациясының нотасы бойынша купондық төлем тоқтатылады.
Биржалық ноталар байланыстырылған ETF бойынша белгіленген төлем күнінен кейін Tabys қосымшасында ETN ұстаушыларына купондарды төлеу процесі шамамен 2-3 аптаға созылады. Қосымша клиенттерге төлем жасалған күні пуш-хабарлама жіберіледі.
Егер Сіз купон алуға құқығы бар ноталар иелерінің тізілімін жасау күні сол тізілімде тіркелсеңіз, онда төлем жасалған күні ноталарға ие болғаныңызға қарамастан купон аласыз.

Клиенттердің карталарына купондарды төлеу 1 центтен бастап жүзеге асырылады.

Иә, сіздің биржалық ноталарыңыздың құны төмендеуі мүмкін. Ағымдағы баға немесе сіз биржалық нотаны сататын баға сіз оны сатып алған бағадан төмен болатын жағдай болуы мүмкін.

05 Техникалық сұрақтар

Иә, жаңа телефонда сіздің қосымшаға кіруіңіз керек болады, барлық деректер қолжетімді болады.

Клиенттерді қолдау сервисінің үш деңгейі әзірленген:

  • Help – қосымшадағы бет, ол жерде проблемалардың шешімін өздігіңізден таба аласыз.
  • Contact desk – сіз проблемаларды жазып, байланыс мәліметтерін қалдыратын форманы толтыра аласыз. Белгілі бір уақыт ішінде проблеманы қалай шешу керектігі туралы оператордан толық жауап аласыз.
  • Мессенджерлердегі автоматты чат-бот сіздің проблемаңыздың шешімін бірден тауып береді.
767

ҚАЗІР ИНВЕСТОРЛАР САУДАЛАСУДА

$1 280

ИНВЕСТОРЛАР ӨТКЕН АПТАДА ТАБЫС ТАПТЫ

Қосымшаны жүктеу
ЖАҢАДАН КЕЛГЕН ИНВЕСТОРҒА ЖАДЫНАМА.

Инвестициялар – орасан зор қаржылық мүмкіндіктер әлемі, оның кейбір қауіптері де бар. Біз инвестор болу жолыңыздың басында сізге көмектесетін бірқатар кеңестер дайындап қойдық:

2020 - Tabys. All rights reserved.

Хабарламаңызды жолдаңыз
Введите ваше сообщение