Tabys Pro: смартфоныңдағы необрокер
21 августа 2025
Tabys мобильді инвестициялық қосымшасын AIX биржасы 2020 жылы әзірлеп, іске қосты. Ол қазақстандық компаниялардың акцияларын қарапайым әрі жылдам сатып алуға мүмкіндік берген алаңға айналды. 2025 жылдан Tabys Pro бөлімі пайда болды. Бұл өнімнің келесі даму деңгейіне көтерілгенінің белгісі. Инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық қор нарықтарына жол ашатын толыққанды жаңа қосымшаға айналды.
2025 жылдың наурызынан бастап Tabys жобасының серіктесі ретінде АХҚО алаңында тіркелген лицензияланған брокер - Teniz Capital Brokerage Ltd қосылды.
Акциялардың 51%-ы АХҚО-ға тиесілі, операциялық қызметті Teniz Capital Brokerage Ltd. (49%) жүзеге асырады. Компания АХҚО аумағында ағылшын құқығы аясында жұмыс істейді. Клиенттердің барлық қаражаты AIX Central Securities Depository-де сенімді түрде сақталады. Бұл Tabys Pro мобильді қосымшасының клиенттеріне барынша қорғаныс беріп, халықаралық стандарттарға сай келуін және инвестициялық құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Tabys Pro-ның басты артықшылықтары -
- бағалы қағаздарды сақтау үшін төлемдер мен минималды комиссиялар жоқ,
- мәмілелер бойынша шығындар айтарлықтай төмендетілген,
- барлық процестер барынша қарапайым әрі ыңғайлы,
- халықаралық стандарттарға сай заманауи технологиялар қолданылған.
Қазіргі уақытта Tabys қосымшасында Tabys Pro нұсқасы қолжетімді, ол инвесторларға халықаралық қор нарығына жол ашады. Қазақстандық компаниялардың акцияларын мәміле сомасының 0,075% тарифімен сатып алуға болады, ал халықаралық нарықтар үшін комиссия 0,4%, оған қоса әр бағалы қағаз үшін 0,01% құрайды.
Қосымшаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады. Қолданыстағы инвесторлар Tabys Pro бөлімінде брокерлік шот ашып, барлық активтерін бір батырмамен аударып, әрі қарай екінші нарықта сауда жасай алады.
Егер сұрақтарыңыз туындаса, қолдау қызметі байланыста - бізге WhatsApp (сілтеме) арқылы немесе email: [email protected] поштасына жазыңыз.
Пікірлер
Нота сатып алу үшін, Tabys қосымшасын жүктеңіз