Жоғарыға

Әркімге қолжетімді
инвестиция

image

Жаңа

Ұлттық компаниялар IPO-сына Tabys арқылы қатыс

Сайтқа өту Сайтқа өту

Tabys

Tabys - жұртшылықтың қаржылық және инвестициялық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба.

Біздің миссиямыз - қазақстандықтардың экономикалық белсенді, сауатты болуына септігімізді тигізу. Сол үшін біз $1 бастап инвестициялауға мүмкіндік беретін, қолданыста қарапайым қосымша жасап шығардық.

Телефоны.
Логотип NASDAQ 100.
Логотип NASDAQ 100.
  • 2 жыл

    нарықта

  • 41 мың

    инвестор

  • 3 млн

    доллар инвестициялар

Логотип NASDAQ 100.

Tabys
артықшылықтары

$1 бастап
инвестициялау

қарапайым
интерфейс

қаржылық мақсаттар мен портфельдер құру

телефон нөмірі бойынша бағалы қағаздарды аудару

салық жеңілдіктері

пайдалы қаржылық әдеттер

Инвестициялар дүкені

Әркімге қолжетімді
инвестициялар!

  • Биржалық ноталар - бұл ыңғайлы.

  • 1 нота = құнды қағаздар жиыны
    (әр түрлі компаниялардың активтерімен).

  • Салықтан босатылған, минималды комиссиялар

Круг
Глянцевая сфера

Tabys қосымшасымен инвестициялау оңай

Тіркеуден өтіп, картаңызды бекітіп, әлемдік қаржылық нарықтарға қол жеткізіңіз!

скриншот приложения галереи.

Инвестициялауды қалай бастау керек? Үйреніңіз!

Толығырақ Толығырақ

Инвестициялар әлеміне қалай қадам басып, өз табысыңызды еселеу керегін түсіндіреміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Қосымшаны жүктемес бұрын

    • Кім инвестор бола алады?

      Егер сіздің жасыңыз 16-дан асса және ҚР азаматтығымен қатар өз атыңыздағы банк картаңыз болса, онда сіз инвестор бола аласыз.

    • Қандай білім қажет?

      TABYS көмегімен биржалық ноталарды сатып алу үшін арнайы қаржылық біліміңіз болуы міндетті емес.

      Қосымшаның түсінікті интерфейсі мен қаржылық құралдардың қарапайым құрылымы сізге инвестициялауды оңай бастауға мүмкіндік береді.

    • Бәсекелестермен бағалы қағаздар нарығына кірудің айырмашылығы қандай? Бәсекелестердің бағасы қандай?

      TABYS қосымшасы арқылы сіз бір биржалық нотамен және минималды сомамен инвестиция салуды бастай аласыз. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында мұндай өнім әлі жоқ.

      Бағалы қағаздар нарығына кіру үшін Қазақстанда инвестиция салудың минималды шегі жоқ, алайда мәміле жасауға комиссия бар.

      Бағалы қағаздардың жаһандық нарығына шығу үшін минималды әрі кең таралған шек $10 000 құрайды.

    • TABYS қосымшасында абоненттік төлем бар ма? Мен қандай мөлшерде комиссия төлеймін?

      Әрбір сатып алу немесе сату үшін жасалған келісім сомасының 0,5%-ы мөлшерінде, кемінде 100 теңгеден комиссия алынады.

      Сіздің банкіңіз аударым үшін өз комиссияларын алуы мүмкін.

      Мәселен 100 долларлық биржалық ноталарды сату немесе сатып алу кезінде сіз 50 цент (немесе шамамен 210 теңге) мөлшерінде, оған қоса өз банкіңіздің комиссиясын төлейсіз.

    • Пайдаланушы ретіндегі менен сіз ненің есебінен ақша табасыз? Қосымшада қандай да бір жарнама болады ма?

      TABYS қосымшасының басты мақсаты – коммерциялық табыс емес, Қазақстан азаматтарына қаржы нарығында инвестиция салуға мүмкіндік беру және үйренуге көмектесу.

      Комиссиялар бізге пайда әкелуге емес, тікелей шығынымызды жабуға бағытталған.

      Қосымшада ешқандай жарнама жоқ және болмайды.

    • Қосымшаны әзірлеген кім?

      TABYS мобильді қосымшасын «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қор биржасы Astana International Exchange Ltd (AIX)  әзірлеген.

    • Неден бастау керек?

      Тіркеуден өтіп, өз атыңыздағы банк картасын бекіту керек. Содан кейін сіз қосымшада инвестициялай аласыз.

    • Бұл қалай жұмыс істейді?

      Қосымшаның құрылымы түсінікті әрі қарапайым.

      •    Сізге тек қайда инвестиция салатыныңызды таңдап алу керек. Мәселен, мұнайға немесе дамушы нарықтардың компанияларының облигацияларына.

      •    Осыдан кейін бірнеше қарапайым қадаммен биржалық нотаны сатып аласыз.

      •    Ақша сіздің банктік картаңыздан алынып, биржалық ноталар шотыңызға енгізіледі.

      •    Сіз қосымшадағы «Менің портфелім» бөлімінде өз инвестицияңыздың құнын бақылай аласыз.

    • Мен қандай валютада инвестиция саламын?

      Биржалық ноталар АҚШ долларында немесе юаньда (тек Қытайдың ірі компанияларының акциялары биржалық нотасына қатысты) сатылады және сатылып алынады.

      Алайда сіздің банк картаңыз басқа валютада (мәселен, теңгеде) болуы мүмкін екенін ескере отырып, биржалық нотаны сатып алған кезде ақша сіздің банк картаңыздан банктегі бағам бойынша теңгемен алынады.

      Биржалық нотаны сату кезінде (сондай-ақ пайызды төлеу кезінде) сіздің банк картаңызға ақша банктегі бағам бойынша теңгемен түседі.

      Сіздің банк қосымша комиссиялар алуы мүмкін екенін ескеріңіз.

    • Инвестиция салуды бастау үшін қанша сома керек?

      Сіз бір биржалық нота сатып алып, минималды сомадан бастай аласыз. Бір биржалық нотаның құны $1 мен $40 аралығында (ноталардың құны құлдырап немесе өсіп, өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз).

      Қанша және қашан салым салатыныңызды өзіңіз шешесіз. Биржалық нотаға соңғы немесе қарызға алған ақшаңызды салудың қажеті жоқ.

      Біз инвестициялар әлемін зерттеуге кеңес береміз. Біздің сайтымыздағы мақалалармен және қосымшадағы видоероликтермен танысып шыға аласыз. Ол үлкен қаржылық мүмкіндіктердің есігін ашады, алайда қауіптері де бар.

    • Тіркелу кезінде шетелдік банк картасын пайдалануға бола ма?

      Сіз тек қазақстандық банктер шығарған, өз атыңыздағы карталарды ғана пайдалана аласыз.

    • Менің банк картамда жеткілікті қаражат болмаса не болады?

      Мұндай жағдайда сіздің биржалық ноталарды сатып алу туралы өтініміңіз қабылданбайды.

  • Пайдаланушылардың қауіпсіздігі

    • Мен инвестор ретінде қалай қорғаламын?

      Биржалық нотаны сатып ала отырып, сіз инвесторға айналасыз, сіздің құқықтарыңыз «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалады.

      Маңызды! Сіздің биржалық ноталарыңыздың құны өзгеруі мүмкін, бағаның өсетініне кепілдік берілмейді.

    • Менің жеке деректерім қалай қорғалған? Оларды сіздер үшінші тараптарға жібермейсіздер ме?

      Сіздің жеке деректеріңіз Қазақстан Республикасы мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалады.

      Заңнамаға сәйкес немесе операция жүргізу үшін қажет болатын жағдайларды (мәселен, біз сіздің картаңызға ақша немесе шотыңызға биржалық ноталарды енгізгенде) есептемегенде, біз сіздің жеке деректеріңізді ешкімге жібермейміз.

    • Сіздердің менің рұқсатымсыз картамнан ақша алмайтындарыңызға қалай сенімді бола аламын? Карта алаяқтықтан қорғалады ма?

      Біз сіздің банк картаңыздың деректерін сақтамаймыз – бұл деректер Visa және MasterCard авторизациялаған процессинг орталығында сақталады.

      Сіз өзіңіздің банк картаңыздың деректерін енгізген кезде, біз оларды көрмейміз, себебі ақпарат автоматты түрде процессинг орталығына жолданады.

      Сатып алуға өтініміңіз орындалған кезде ғана сіздің картаңыздан ақша алынады (біз арқылы емес, процессинг орталығы алады).

    • Тіркелу кезінде карта мен жеке куәліктің фотосуреті не үшін сұралады?

      AIFC AML Rules (АХҚО-ның Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және санкцияларға қарсы іс-қимыл туралы қағидаларына) сәйкес, AIX Registrar (АХҚО биржасының тіркеушісі) клиенттен жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге міндетті.

      Көрсетілген талаптарға байланысты, TABYS қосымшасында операциялар жасаған кезде дәл Сіз тіркелетініңізге және өзіңіздің жеке банк картаңызды пайдаланғаныңызға көз жеткізу үшін біз жеке куәлік пен банк картасының фотосуретін сұратамыз.

      Сондай-ақ, банк картасының фотосуретін ұсыну TABYS операцияларын жасау үшін үшінші тұлғалардың Сіздің банк картаңызды пайдалана алмауына кепілдік береді.

    • Интернет-кеңістікте өзімді қалай қорғауға тиіспін?

      Мобильді құрылғыларды жеке өмірде де, сол сияқты кәсіби тұрғыдан да пайдалану ісіміздің алға басуына мүмкіндік береді. Мессенджер, банкинг, бизнес-қосымшалар, әлеуметтік желілер — бұл қосымшаларды қазіргі заманның өмір ырғағында күнделікті пайдаланамыз. Біз құрылғыларыңыз бен дербес деректеріңізді қорғау бойынша бірнеше ұсыныстар берігіміз келеді.

      Орнатылған қосымшаларды жаңартыңыз
      Қаскөйлер қосымшалардағы әлсіз тұстарды үнемі іздестіріп, тауып алады да, сосын осы осалдықтарды пайдаланады. iOS пен Android-қа арналған жаңа нұсқалар үнемі шығып тұрады. Бұл жаңартуларда кемшіліктер түзетіліп отырады. Оларды орната отырып, телефонға вирус кіру немесе деректеріңіздің ұрлану мүмкіндігін азайтасыз. Үнемі жаңартуларды тексеріп және орнатып отырыңыз. Құрылғылардың көбінде автоматты жаңартуды орнату мүмкіндігі бар.

      Сенімді құпиясөз орнатыңыз
      Интернетте өзіңізді қорғау үшін маңызды қадамның бірі – әрбір есептік жазбаңыз үшін бірегей сенімді құпиясөз пайдалану. Құпиясөзіңізді немесе оларды орнату стратегияңызды кімге де болмасын ешқашан айтпаңыз. Құпиясөз – бұл құпия ақпарат және бөгде бір адамға аян болса, ол сенімді болудан қалады.

      Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланыңыз
      Кейде біз белгісіз сілтемелерді байқамай басып қаламыз немесе біздің жүйемізге вирус жұқтыруы мүмкін бағдарламаларды орнатамыз. Вирусқа қарсы бағдарлама осындай қателіктерден қорғауға арналған. Вирусқа қарсы бағдарлама зиян келтіруші бағдарламалардың барлығын тоқтата алмағанымен, шабуылдардың анағұрлым кең тараған түрлерін айқындауға және оларды болдырмауға көмектеседі. Соңғы жаңартуларды әрдайым орнатып, вирусқа қарсы өзекті бағдарламалық жасақтаманы қосып отырыңыз. Сонда құрылғыңызға вирус жұқтыру киберқылмыскер үшін әлдеқайда күрделірек болады.

  • Биржалық ноталар туралы

    • Биржалық ноталардың батыстық ETF-терден айырмашылығы.

      Қосымша арқылы сатып алуға болатын биржалық ноталар толығымен батыстық ETF-терге (биржалық инвестициялық қор – Exchange Traded Fund) ұқсас.

      Сіз батыстың ETF-ін өзіңіз сатып ала аласыз, бірақ ол үшін сізде айтарлықтай сома болуы тиіс, брокер арқылы шот ашып, оған ақша аударып, ETF акцияларын сатып алу туралы бұйрық беруіңіз керек.

      Мұндай жағдайда сізде елеулі шығын (ақша аударымы, брокердің комиссиясы) мен оған қоса бастапқы жұмсалым көп болады; сонымен бірге, сіз алатын барлық табысқа Қазақстанда салық салынады.

    • Неліктен ETF емес, биржалық ноталарды таңдауым керек?

      Биржалық ноталардың құрылымы (Exchange Traded Notes) іс жүзінде ETF құрылымын толығымен қайталайды. Биржалық ноталар сіздің инвестор ретіндегі табысыңызды жергілікті салықтар есебінен азайтпау үшін құрылған.

      Осылайша, қазақстандықтарда дағдылы әдіспен инвестициялаудың жаңа баламасы пайда болды, себебі TABYS қосымшасы – сіздің капиталыңызды сақтап, еселеудің жаңа мүмкіндігі.

      Биржалық ноталарды сатып алу арқылы сіз қаржы нарығында жеңіл әрі оңай жолмен инвестициялау мүмкіндігіне ие боласыз.

    • Биржалық ноталарды сатып алған кезде менің меншігім екенін білдіретін қандай растау аламын?

      Сатып алу операциясын аяқтағаннан кейін сіз өз шотыңызға биржалық ноталардың енгізілгендігі туралы хабарлама аласыз.

      Сондай-ақ, өз шотыңыздың үзінді көшірмесін алуға мүмкіндігіңіз бар (қосымшадан емес, сіздің шотыңыз ашылған тіркеушіге – AIX Registrar-ға өтініш жасауыңыз керек, мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 55/19).

    • Менің ноталарым қайда сақталады?

      Тіркеу процесі кезінде қосымшада AIX Registrar бағалы қағаздар тіркеушісіндегі сіздің жеке шотыңыз ашылады.

      Аталмыш тіркеуші – AIX-тің еншілес компаниясы. Оның негізгі функциясы – шоттарды және бағалы қағаздардың тізімін жүргізу.

      Сіз сатып алған биржалық ноталар аталған тіркеушіде сіздің шотыңызда сақталады. Сіз өзіңіздің биржалық ноталарыңызды сата аласыз, сонымен бірге кез келген уақыта шотты жаба аласыз.

    • Биржалық ноталарды сыйға тартуға немесе мұрагерлікке беруге бола ма?

      Иә, сіз сатып алған биржалық ноталар сіздің мүлкіңіз болып табылады, оларға қалауыңызға қарай иелік ете аласыз.

      Алайда қосымша шеңберінен тыс операцияларды жүргізу үшін тіркеушіге (AIX Registrar, мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 55/19) жүгініп, оған тиісті құжаттарды беру керек.

      Сонымен қатар сіз кез келген уақытта өзіңіздің биржалық ноталарыңызды сатып, олардың ақшасын  дәл сол күні банк картаңызға ала аласыз.

    • Биржалық ноталарды кепілдікке қойылатын мүлік ретінде пайдалануға бола ма?

      Иә, сіздің биржалық ноталарыңыз – сіздің мүлкіңіз.

    • Биржалық ноталар меморгандардың санкциясы салынған жағдайда бұғатталатын мүліктердің тізіміне ене ме? (мәселен, банк шотына блок қойылған кезде ноталар да блоктала ма?)

      Иә, сіздің биржалық ноталарыңыз – сіздің мүлкіңіз. Сондықтан заңнаманың нормаларына сәйкес оны мемлекеттік органдар бұғаттай алады.

  • Табыстылық

  • Техникалық сұрақтар

    • Мен қосымшаны жаңа телефонға орнатсам, деректерім сақталады ма?

      Иә, жаңа телефонда сіздің қосымшаға кіруіңіз керек болады, барлық деректер қолжетімді болады.

    • Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетіле ме?

      Клиенттерді қолдау сервисінің үш деңгейі әзірленген:

      •    Help – қосымшадағы бет, ол жерде проблемалардың шешімін өздігіңізден таба аласыз.

      •    Contact desk – сіз проблемаларды жазып, байланыс мәліметтерін қалдыратын форманы толтыра аласыз. Белгілі бір уақыт ішінде проблеманы қалай шешу керектігі туралы оператордан толық жауап аласыз.

      •    Мессенджерлердегі автоматты чат-бот сіздің проблемаңыздың шешімін бірден тауып береді.

      •    WhatsApp – TABYS қолданбасында қолдау.