Жоғарыға

Air Astana IPO-сына қатысатын инвесторлар назарына

7 февраля 2024

 Құрметті Tabys инвесторы! 

 

 «Эйр Астана» АҚ (Компаниядан) алынған ақпаратқа сәйкес, жергілікті нарықта жарияланатын жаһандық депозитарлық қолхаттардың саны шектеулі болуы мүмкін. Осыған орай, жергілікті инвесторларға қарапайым акцияларды сатып алу өтінімін қанағаттандыру депозитарлы қолхаттарға қарағанда ықтималдығы жоғары екеніне назар аударуыңызды сұраймыз. 

 -ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заң Эйр Астана (Компания) АҚ-ға шетелдік қатысуды (бақылауды) компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санының 49% - нан аспайтын деңгейде шектейді (бұдан әрі - "шектеу") 

 -Компания ГДР иегерінің өзінің бенефициарлық иесі туралы ақпаратты ашу арқылы бұл болжамды жоққа шығару мүмкіндігіне қарамастан, барлық ГДР иегерлерінің шетелдік азаматтар/ заңды тұлғалар екенін есептеуге/болжауға құқылы. 

 

 -Сонымен қатар, компания шектеулерді орындау үшін шығарылған қолхаттар санын азайту үшін қолхаттарды мәжбүрлеп сата алады. Толық ақпаратты алдын ала шығарлыған Проспекттен, оның ішінде Risk Factors, Limitation on Share Ownership by non-Kazakhstani Nationals секцияларынан қараңыз. 

   

-Осы ақпараттарды ескере отырып, қолхаттар бағдарламасы шеңберінде шығарылуы және ұсыныс шеңберінде сатылуы мүмкін қолхаттар саны (қолхаттардың AIX-тегі ұсынысын қоса алғанда), оның ішінде BAE-ге тиесілі акцияларға өзге де әлеуетті шетелдік инвесторларға тиесілі акциялар санын ескере отырып шектелетін болады.

 Дегенмен, Tabys қосымшасында өтінімді жойған жағдайда, қаражатыңыз банк картаңызға тек 2024 жылдың 14 ақпанынан кейін ғана (бағалы қағаздар бойынша есеп айырылысу күні) жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз. Бағалы қағаздарды тарату бойынша шешімді Компания өтінімдер кітабы жабылғаннан кейін өз бетінше қабылдайды.